Главное меню
Мы солидарны с Украиной. Узнайте здесь, как можно поддержать Украину.

Ответ

Обратите внимание: данное сообщение не будет отображаться, пока модератор не одобрит его.
Ограничения: максимум вложений в сообщении — 3 (3 осталось), максимальный размер всех файлов — 300 КБ, максимальный размер одного файла — 100 КБ
Снимите пометку с вложений, которые необходимо удалить
Перетащите файлы сюда или используйте кнопку для добавления файлов
Вложения и другие параметры
Проверка:
Оставьте это поле пустым:
Наберите символы, которые изображены на картинке
Прослушать / Запросить другое изображение

Наберите символы, которые изображены на картинке:

√36:
ALT+S — отправить
ALT+P — предварительный просмотр

Сообщения в этой теме

Автор Karakurt
 - января 14, 2011, 01:34
Жібек түн. Бәрі тың.
Жүрек мас.  Көзде жас.
Сүттей ай.  Терең сай. 
Екі жан.  Ыстық қан.

Білем анық: жанға жайлы май сұлу,
Жарқ-жұрқ еткен майда найзағай сұлу.
Қызықты орман, көңілді еркін кең дала,
Күміс табақ көкте жүзген aй сұлу.

Кешкі ескен жібек, жылы жел сұлу,
Хош иісті түрлі-түсті гүл сұлу.
Әдемі аспан – төбедегі көк шатыр,
Асқар тауы, дариясы жер сұлу.

Қара сұр сырға берік беті қандай,
Мінезі майда жібек, сөзі балдай.
Бал заты — у, жібек асты — тікенек пе?
Не керек, адамзатты біледі алдай!

Себебі не, сонша түсі қашқанына,
Кім білсін, тәңір бағын ашпады ма?
Сүйем деп әлде біреуді сүйіп жүріп,
Жалт беріп, бейшараны тастады ма?

Сылқ-сылқ күліп сылдыр қаққан су сұлу,
Көлге қонып қаңқылдаған қу сұлу.
Бейне айнадай жарқыраған айдыннан,
Күн шығарда көтерілген бу сұлу.

Шаңқай түсте өтірік алтын күн сұлу,
Жымыңдаған жұлдыздармен түн сұлу.
Толып жатыр түрлі сұлу дүниеде,
Бәрінен де маған, сәулем, сен сұлу!