Главное меню
Мы солидарны с Украиной. Узнайте здесь, как можно поддержать Украину.

қазақша сөйлесейік!

Автор ABC, декабря 1, 2008, 08:42

0 Пользователи и 1 гость просматривают эту тему.

mail

Атазаңымыз бен Тіл туралы заңда бекітілген орыс тілінің ресми мәртебесін алып тастағанын өзім де қалар едім. Бірақ бір жағынан осылай тұра бергені де дұрыс сияқты. Өйткені егер орыс тілінен ресми мәртебесін алып тастасақ, онда аталған заңдардың тілге қатысты баптары орындалмайтын немесе үнемі бұзылып отыратын баптарға айналады. Себебі орыс тілінен ресми мәртебені алып тастаған күннің ертесіне бәрі қазақша сөйлеп кетпейтіні анық. Сондықтан әзірге солай қала бергені дұрыс та шығар.
Өзім қазақ тілі мәселесінің тек бір ғана шешілу жолын көріп тұрмын. Ол жол - еліміздің барлық өңірлерінде қазақтар санының басқа ұлттардан әлдеқайда көп болуы. Сонда ғана тіл мәселесі өзінен-өзі-ақ шешіледі. Айтқанымдай, қазақтар саны көбейіп келеді. Тағы бір айта кетекрлік жәйт, солтүстікте халық азайып жатыр. Бұның себебі орыстардың Ресейге кетуімен байланысты дейді. Ал оңтүстікте халық тығыз шоғырланған (онда негізінен қазақтар тұратынын білетін шығарсыз). Енді халқы азайған солтүстік өңірлерге оңтүстіктің халқын қоныстандыру туралы мемлекеттік деңгейде айтылып жатыр. Тек уақыт керек.

Жаңадан ойлап табылған сөздердің арасында расымен күлкілі естілетіндері де бар. Мәселен балконды "қылтима" деп аударыпты. Күлкілі ғой)))

Дәрмен

Барлық өңірлерде қазақтардың саны көбейіп келеді, бірақ ол қандай қазақтар? Олардың зор бөлігі - мәңгүрт, басқа бөлігі - шала қазақтар.
Қазір ен кем дегенде тек түркі тілдерінде оқу жүргізетін бақшаларды/мектептерді қалдырсақ жақсы болушы еді.
Менің мектептегі достарым біршама қазақша сөйлесе алыпты, бірақ олардың 3-6 жастағы балалары қазір мүлдем қазақша білмейді, себебі әйелдері - мәңгүрт, қазақ балабақшасына/мектебіне бергісі келмепті. Ал орыс мектептері болмаса, елдің бәрі амал жоқтықтан. таңдамай қазақ мектебіне беруші еді.

"Қылтима" күлкілі естілетін шығар, бірақ сөзді ұнатпағандар "балкон" деп айта алады, ол да сөздікте бар сөз қой. Бірақ жалпы айтқанда қазақтар кез келген жаңа сөздерді айтуға ұялады, неліктен? Солай бола берсе, бірнеше онжылдықтан кейін тілімізде мүлде қазақ сөздер қалмайды.
Одан басқа, жат тілден сөз қыстырмауға тағы бір себеп бар: орыстар мен мәңгүрттер араласқан сөйлеуді естігенде ішінен былай ойлайды: "Eee, қазақ тілі кедей, өз сөздері жетпей жатыр, сондықтан орыс тілінен сөз қыстырып сөйлейді". Өзім де солай ойлағанмын (қазақ тілін мүлде білмеген кезімде)  Орысшамен араластырғанда біз өздеріміз тіл мәртебесін түсіреміз.

mail

ЦитироватьБарлық өңірлерде қазақтардың саны көбейіп келеді, бірақ ол қандай қазақтар? Олардың зор бөлігі - мәңгүрт, басқа бөлігі - шала қазақтар.
Қазір ен кем дегенде тек түркі тілдерінде оқу жүргізетін бақшаларды/мектептерді қалдырсақ жақсы болушы еді.
Сонда орыстілді мектептер мен бала бақшаларды жауып тастау керек дейсіз бе? Бұлай мәселенің шешіле қоятынына күмәндімін. Оларды жауып тастау тіпті мүмкін де емес қой.)))
Басқа қалаларда қалай екенін білмеймін, әйтеуір Астанада айналамда жүрген орыстілді қазақтардың көбі өз балаларын қазақша мектептер мен бала бақшаларға берген. Бұрынғы Ақмола мен қазіргі Астананың жағдайын қараңыз. Арасы жер мен көктей деуге болады. Қазақтар Ақмоланың 25 пайызын ғана құраған екен. Оның өзінде көбі орыстілді болған. Ал қазіргі Астана сол кездегі Ақмоладан мүлдем өзгеше. Сол сияқты аталған халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыру бастамасы сәтті орындалса, орыстілді өңірлерде де "бұрынғы Ақмола-қазіргі Астана" жағдайы секілді біраз оң өзгерістер болады.

ЦитироватьБірақ жалпы айтқанда қазақтар кез келген жаңа сөздерді айтуға ұялады, неліктен?
Иә, бейресми ауызекі тілде жаңа сөздерді қолданбаймыз. Өйткені олай айтып үйренбегенбіз. Бірақ ресми тілде қолданылады (ТВ, газет-журналдарда, ғаламтордағы басылымдарда, ресми жиындарда). Байқағаным, қазақтілділер жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолданбаса да, бірақ интернеттегі форумдарда немесе мақалаларға пікір жазғанда жаңа сөздерді қолданып жазады. Мен өзім де ауызша тілде "пернетақта", "тінтуір", "ұшақ" деген секілді сөздерді қолданбаймын. Бірақ интернетте актив түрде қолданамын. Осының өзі титтей болса да жоқтан көрі жақсы емес пе?))

Rashid Jawba

Bytheway, к'азак'ша ''подожди меня' деген к'алайды ?
Katalunia Ta Askatasuna
Иши керек да кеси эрек.

mail

ждать - күту
"подожди меня" можно поразному сказать.
мені күт; күт мені; (мені) күте тұр; (мені) тоса тұр
остановиться - тоқтау
тоқта; тоқтай тұр; тұра тұр - подожди, повремени (например, когда кто-то уходит, а ты хочешь его задержать, чтобы показать или сказать ему что-то)

Rashid Jawba

Сау бол ! Энди тюшюндюм ног'айлы ''ток'та мени'' деб неге айтханын.
Бизде ''сак'ла мени'' дейле:-)
Katalunia Ta Askatasuna
Иши керек да кеси эрек.

mail

Алла(һ), бізді сақта - Боже, храни нас.
Осы қарашай тілінде қалай болады?

edil-jayik

Біздің проблема тек тілде емес, мысалға батыс Қазақстанда тілден проблема жоқ, ал бірақ өзге кемшіліктер шаш етектен. Оккупацияға ұшыраған ел сияқты қазіргі түріміз.

edil-jayik

Дәрмен сен адамдармаен сөйлескенде осында жазғандай сөйлесесіңбе? Өзің қай өңірден боласың?

mail

edil-jayik, батыс Қазақстанның қай облысынансың? Сендер жақта "үндемей" дегенді "індемей" деп айту кездеседі ме?

Rashid Jawba

Цитата: mail от ноября 14, 2014, 07:19
Алла(һ), бізді сақта - Боже, храни нас.
Осы қарашай тілінде қалай болады?
Сиздеча - аллах бизни сак'ла.
Katalunia Ta Askatasuna
Иши керек да кеси эрек.

edil-jayik

Цитата: mail от ноября 14, 2014, 10:38
edil-jayik, батыс Қазақстанның қай облысынансың? Сендер жақта "үндемей" дегенді "індемей" деп айту кездеседі ме?
мен едил мен жайыктын ортасынанмын. Йндемейд деп шаншардан естидим. Сондыктан онтустиктики болу керек, бизде олай атпайды.

Быстрый ответ

Обратите внимание: данное сообщение не будет отображаться, пока модератор не одобрит его.

Имя:
Имейл:
Проверка:
Оставьте это поле пустым:
Наберите символы, которые изображены на картинке
Прослушать / Запросить другое изображение

Наберите символы, которые изображены на картинке:

√36:
ALT+S — отправить
ALT+P — предварительный просмотр