Главное меню
Мы солидарны с Украиной. Узнайте здесь, как можно поддержать Украину.

қазақша сөйлесейік!

Автор ABC, декабря 1, 2008, 08:42

0 Пользователи и 1 гость просматривают эту тему.

Kaiyr

Цитата: Borovik от января 17, 2014, 11:13
Kaiyr,
өзiңiз бастап көрсетiңiз  ;)
Мен уикипедияда бұрыннан бері жазам. Казір Қазақ уикипедиясында администратормын. Уикипедияда қалай жазу туралы видео сабақтар ютубта көп. Викибилим қазақша интернетте білім алатын материалдарды соның ішінде қазақша уикипедияны дамытуға арналган ұйым.


mail

Цитата: Kaiyr от января 17, 2014, 11:17
Викибилим қазақша интернетте білім алатын материалдарды соның ішінде қазақша уикипедияны дамытуға арналган ұйым.
Иә, білеміз. Уикипедияны қазконтентпен толтырамыз деп, мемлекеттен ақша сындырғанын да білеміз. :smoke:

Borovik

Цитата: Kaiyr от января 17, 2014, 11:17
Цитата: Borovik от января 17, 2014, 11:13
Kaiyr,
өзiңiз бастап көрсетiңiз  ;)
Мен уикипедияда бұрыннан бері жазам.
Мен де бұрыннан бері жазам. Бiрақ, қазақ уикипедиясына жазысуға уақытым да, ұмтылысым да жоқ; тілді де аз білем.

Kaiyr

Цитата: mail от января 17, 2014, 11:19
Цитата: Kaiyr от января 17, 2014, 11:17
Викибилим қазақша интернетте білім алатын материалдарды соның ішінде қазақша уикипедияны дамытуға арналган ұйым.
Иә, білеміз. Уикипедияны қазконтентпен толтырамыз деп, мемлекеттен ақша сындырғанын да білеміз. :smoke:
Кімнің қалтасына кетпей жатқан ақша. Уикипедияны толтырғаны қазақ тілінде білім алуға жақсы ғой одан да экспо, азиада деп шетелдіктерге шашылғанша.

mail

"уикиді толтырамыз" деп мемлекеттен ақша алып, артынша ғаламтордағы қолтанушыларға "уикиді бірге толтырайық" деп үндеу тастағаны есіме түсіп кетті :D

Kaiyr

Цитата: mail от января 17, 2014, 11:36
"уикиді толтырамыз" деп мемлекеттен ақша алып, артынша ғаламтордағы қолтанушыларға "уикиді бірге толтырайық" деп үндеу тастағаны есіме түсіп кетті :D
Ақшаны 200 мың мақаланы Қазақ энциклопедиясынан ге көшіруге бөлген. Әрі қарай қазуики өзі дамиды деп ойлаған ғой. 50 млн тг бөлінген.

Ernar



FreeOS


RockyRaccoon

Барлық елдердiң пролетарлары, бiрiгiңдер!
Так, поговорить захотелось.
Или вот, лучше:
Ат қадiрiн бiлмесең, жаяушылық берер сазаңды.


Karakurt

Цитата: RockyRaccoon от февраля 19, 2014, 19:44
Ат қадiрiн бiлмесең, жаяушылық берер сазаңды.
ат қадірін білмесең, жаяушылық берер жазаңды,
ас қадірін білмесең ашаршылық берер сазаңды

цену лошади узнаешь, когда останешься пешком,
цену пищи — когда останешься голодным

Цитата: rlode от февраля 19, 2014, 20:00
Сәлеметсіздер ме!


АлифБука

Scio me NIHIL scire. Дымды бiлмейтінiмдi бiлем.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
Рассуждай токмо о том, о чём понятия твои тебе сие дозволяют. Так: не зная языка ирокезкого, можешь ли ты делать такое суждение по сему предмету, которое не было бы неосновательно и глупо? (с) Козьма П.


Kaiyr


edil-jayik

"Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос". Меніңше өте дұрыс сөз. Абай мен үшін нөмірі бірінші қазақ.

Дәрмен

Ассалаумағалейкум!
Қазақ тілін оқуыма бір жыл болды, бірақ бәрі бір нағыз қазақтар тілді оқып алғанымды байқайды (бала кезімнен қазақша сөйлемегенімді бірден аңғарады)
Мәңгүрт таныстарыңыздың арасында қазақ тілін мінсіз деңгейіне меңгергенлер бар ма?

Өзім сондай адамдарды ешқашан көрмедім, олардың бәрі бала кезінен сөйлейді.

mail

Уағалейкумассалам!
Ондай таныстарым жоқ. Қай ұлттан боласыз?

Дәрмен

Мен шала-қазақпын (әзірше). Жақыннан бастап тіліміз өліп бара жатқанын сезіндім,  істердің бәрі орысша жүргізіледі, кино 99 пайыз орысша көреміз, Назарбаевтің өзінің бірінші тіл - орыс тілі (өз ұрпағын орыс қылып тәрбиеледі ғой), тіпті ауылда өскен қазақтар да неғұрлым көп уақыт өтеді, соғұрлым орыс сөздерін көп қыстыра береді, қазір ең оңай сөдерді да қыстырады (мысалы: "кері бұрылыс"-тың орына "развәрот", "жиһаз"-дың орнына "мебель", "қияр"-дың орына "әгурец").

Сол себептен мен қазір жаңа таныстарыммен тек қазақша сөйлеуге тырысамын, ескі орыс-тілді достарыммен араласпаймын. Және де енді қазақша таза білетін болашақты әйелді іздеймін, балаларым мәңгүрт боп кетпесін дегендей.

Орыс тілінің ресми мәртебесін алып тастамасақ, тіліміз мың біріші рет тіріле алмайды. Ирландықтар да, Гавайлықтар да солай жүрді, бір-бірімен ағылшынша сөйлеп, ал қазір тілдері жойылды, Ирландық/Гавай тіл деген жоқ енді. Біз олардан еш артық емеспіз, қазақ тілінің де жойылуы мүмкін, өзім - елбасынан кейін тілге жанашыр адам келмесе, тіліміз біржолата қырылады. Мын тіріледі деп жұбану өте қауіпті. Әлемде қаншама тіл жойылды, басқа жат тілмен ауыстырылып, қазақ тілі сол тілдерден еш артық емес, үзілді-кесілді түрде орыс тілінен құтылуымыз керек.

mail

Бәрі соншалық бұлыңғыр демес едім. Қазақ тілінің қазіргі ахуалы мен 90-жылдардғы ахуалын салыстырып қараңыз. Өзгерістер көп. Ең бастысы, қазақ тілінде мектеп бітірушілер саны жыл сайын өсіп келеді. Оның үстіне Ресей шетелдердегі орыстарын тарихи отанына шақыруына байланысты біздегі орыстар сол жаққа қоныс аударып жатыр. Болашақта қазақ тілі өзіне тиісті орнын аларына сенімдімін. Бәрі де тек уақыттың еншісінде.

Дәрмен

Сіздің айтқаныңызға сенгім келеді, бірақ меніңше былай болып тұр: 90-ыншы жылдарда қазақтардың салыстырмалы саны аз болды, бірақ 90-ыншы жылдарда тұрған қазақтардың арасында қазақша ТАЗА білетін адамдар әлдеқайда көбірек болды ғой.

Ал қазір тіпті қазақша тәрбиеленген, қазақ мектептерін бітірген қазақтар да орыс сөздерін қыстыруысыз сойле алмайды. Сөздікте бар ресми сөздерді айтпаймын (машина, үстел, кнопка, батон),мен керегі емес, қазақ тілінде бар сөздерді айтамын:  ещё, вообще, до конца, звандау, холодильник, наверно, если что  >(. 90-ыншы жылдарда бала болдым, бірақ сондай масқара араластыру болған жоқтығы есімде.
Одан басқа, мен бірнеше рет тоңазытқыш, жиһаз, үшайыр, сақтандыру секілді сөдермен сөйлестім, ал адамдар мақтаудың орнына айтқанымды мазақтады. Меніңше, қазақ тілі мемлекетіміздің жалғыз тілі болмағанша, елдер орысша сөйлей береді де, тіліміз аз-аздап қырылып бара береді.

mail

ЦитироватьМеніңше, қазақ тілі мемлекетіміздің жалғыз тілі болмағанша, елдер орысша сөйлей береді
"Мемлекетіміздің жалғыз тілі" деп егер мемлекеттік статусын айтып отырсаңыз, онда қазақ тілі онысыз да жалғыз мемлекеттік тіл. Бізде мемлекеттік тіл статусына басқа тілдер ие емес.
Ал егер орыс тілі мүлдем ел ішінде қолданылмауы керек деп отырсаңыз, онда бұны қалай іске асырмақшысыз? Тыйым салу арқылы ма? Бұл әрекет оң нәтиже береді деп ойламаймын.
Жағдайды бірден өзгерту мүмкін емес. Кері әсері болады. Ақырындап, жәймен, ақылмен жасалатын нәрсе бұл. Бізде қазір солай жасалып та жатыр.

Дәрмен

Мен қазіргі орыс тілінің Конституциядағы және Тіл Заңындағы  ресми мәртебесін айтып тұрмын. Ол қазақ тілінің көтерілуіне ең бас бөгет деп ойлаймын. Басқа бұрынғы Кеңес елдердің көбі орыс тілінің ресми мәртебесін алып тастады ғой, оның есесіне қазір олардың тілдерінің жағдайы тамаша (Грузия, Әзірбайжан, Эстония, Литва т.б.)

Айтпақшы, неологизмдер тұралы: қазақтар жаңадан ойлап табылған сөздерді пайданалуға ұялады (неліктен білмеймін)
Бірақ ол дұрыс емес, лингвисттеріміз қабылданған сөздерді пайдалануымыз керек, басқа тілдерде де (мысалы: испан, иврит) жаңа, бұрын жоқ сөздерді енгізеді, бірақ ешкім оларды мазақтамайды, керісінше, рақаттанып пайдаланады. Әрбір сөз өз тілінің жазу/айту ережелерге сәйкес келуі қажет қой.

Быстрый ответ

Обратите внимание: данное сообщение не будет отображаться, пока модератор не одобрит его.

Имя:
Имейл:
Проверка:
Оставьте это поле пустым:
Наберите символы, которые изображены на картинке
Прослушать / Запросить другое изображение

Наберите символы, которые изображены на картинке:

√36:
ALT+S — отправить
ALT+P — предварительный просмотр